Бүгінгі күн біздің мектебіміз үшін ерекше , себебі «Атамекен» мұражайының ашылу рәсімі Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен және Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Бүгінгі таңда Қазақстандағы білім мазмұнын жаңарту тұрғысынан қарағанда мұражай педагогикасы, мұражай ерекшелігі арқылы білім беру және тәрбиелеу жұмысына айрықша мән берілді. Бұл көбінесе мұражай жұмыс бағытының ауқымды және көп қырлы болуына байланысты мектептердегі білім беру мен тәрбиелеу үдерісіне толықтай белсенді түрде енгізуге мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі заманғы мұражайлар – өмірдің шынайы құндылықтарының шоғырландырылған көрінісі. Олардың негізгі мақс аты Қазақстан халықтарының тарихи-мәдени мұралары мен рухани дамуын зерттеу және сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңында «Мұражай заттары мен мұражай коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілікке көрсету үшін құрылған мәдени мұра болып есептеледі. «Атамекен» мұражайының жетекшісі География пәнінің мұғалімі Сапиева Ақмарал Амиржановна.\