Тақырыбы: «Жылы ұя».
Мақсаты:
түсінігін тереңдету, жалпы құстардаң
мағнасы жайлы мағлұмат беру, барлық тыныс тіршіліктің бастауы, көктемнің ерекшелігін байқату, құстарды қорғау, оларды қарсы алу. Халық қазынасы мақал- мәтелді, жұмбақ болжамдарды пайдалана білуге үйрету.
белсенділігін дамыту.
қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреті, үнтаспа, қанатты сөздер, шар, гүл, көктем көрінісі.
І. Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! «Жылы ұя» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Мен баршаларыңызды көктем мерекесімен құттықтаймын .Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан оятуын танытатын кішкентай ғана табиғаттың бір бөлігі, көктем жаршысы құс мерекесі. Жер бетінде 8600- ге жуық құстар түрі бар десек, біздің елімізде 500- дей түрі кездеседі екен. Ал жергілікті жерімізде қараторғай, сауысқан, көкек, қарғалар кездеседі. Жыл құстарын атайтын болсақ: аққу, қарлығаш, үйрек, шағала сияқты көптеген құстарды білеміз.
Сахналық көрініс: Көктем деген немене?(қыз, ұл, күн, жер, су, ағаш, ай, жұлдыз)
ІІ. Көктем:
Ал құрметті халайық,
Мерекені бастайық.
Жұмбақ шешімін тапсаңдар,
Құстарды қарсы алайық.
ІІІ. Жұмбақ.
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды
Көктем жұлдыз қаққандай. (қарлығаш)
Орман іші солқылдап,
Жаңғырықты түнімен.
Ұрды ағашты тоқылдақ,
Тұмсығының түбімен. (тоқылдақ)
ІҮ.Сұрақтар.
А) Көктем айларын ата!
Б) Құстар балапандарын қайда өсіреді?
В) Ең алғаш шығатын гүл?
Г) Қандай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады?
Д) Киелі құс?
Е) Қандай құстың құйрығы айыр?
ҮСергету сәті: «Көктем гүлі бәйшешек»
Сұрақтар.
А) Адамдар көктемде қалай киінеді?
Б) Түнде ұшатын құсты ата!
В) Орман дәрігері?
Г) Өз атын өзі шақыратын құс?
Д) Сөйлейтін құс?
Е) Көгершін қандай құс?
ҮІ. Кім құстарға арналған тақпақ оқиды?
« Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.» - деп Абай атамыз жырлағандай өлең жолдарына кезек берейік.
Оқушылар өлең оқиды.
ҮІІ. Ойын: Кім жылдам?
Кім көп құс біледі?
Құс аттарын параққа жазу.
ҮІІІ. «Мақал- мәтел, жұмбақ» сайысына кезек берейік.
Бұлбұл үнді, жылап тілді.
Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер.
Ер жаңылып қолға түсер,
Құс жаңылып торға түсер.
Жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ.
Қаз келсе, жаз келер.
Жұмбақтар:
Сайрайды бір талмайды,
Әнші құс бұл таңдайлы. (бұлбұл)
Қараңғыда ұшады, құбылады.
Жарық көрсе қашады, тығылады. (жарқанат)
Шарлап келіп даланы,
Үйіне үй салады. (қарлығаш)
ІХ. Ойын: «Жоғалған құстар»
Ал, балалар құстарға байланысты қандай халық болжамдарын білесіңдер?
Х. Қорытынды.
Қымбатты балалар көктемнің жаршысы, адамзаттың досы жыл құсын жақсы қарсы алайық. Оларға қамқор болайық.
Әрқашан аспаның ашық болсын деген ниетпен «Құстар қайтып барады» әнімен аяқтауды жөн көрдіе.
Оянып бар табиғат ұйқысынан,
Жадырап құтылғандай құс қамынан.
Көктемді шуға бөлеп әнге ораған,
Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.